НАУРЫЗ - ҚҰТ, БЕРЕКЕ БАСТАУЫ

Бүгін халқымыздың мыңдаған жылғы дәстүрінің арқауы Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа форматты он күндігін дәріптеу өз  жалғасын тапқан күн болды.  Көктің тынысын тыңдап, жердің тамырын басқан, тұрмыс-тіршілігін табиғат-анамен тығыз байланыстырған халқымыз Наурызды жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыc пен берекенің арқауы деп бағалаған.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті «Басқару және бизнес» ЖМ «Экономика» кафедрасы және Ақпараттық білім беру орталығының ұйымдастыруымен  2024 жылдың 18-ші наурызында  «НАУРЫЗ - ҚҰТ, БЕРЕКЕ БАСТАУЫ » атты мерекелік іс-шарасы жоғары деңгейде болып өтті. Шарағы «Бсақару және бизнес» ЖМ-нің профессор-оқытушылары  құрамы және Ақпараттық білім беру орталығының қызметкерлері, студент жастар қатысты. Осынау дәстүрлі іс-шарада жастар ата баба жолымен Наурыз мерекесіне байланысты дәстүрлі киімдер, күмбірлеген күй, наурыз шашу әндермен мерекенің маңызын арттырды.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.