ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІ ҚАЛА ХАЛҚЫМЕН НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІН ТОЙЛАДЫ

Шымкент қаласында жыл басы әз-Наурыз ауқымды мерекелік іс-шаралармен басталды. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті Әл-Фараби алаңында өткен «Төрлет, Әз-Наурыз» атты мерекені қала халқымен бірлесе тойлады.

Мерекелік бағдарламаны Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, М.Әуезов атындағы ОҚУ Басқарма Төрағасы-ректор м.у.а. Қайрат Нұрманбетов, зиялы қауым өкілдері мен қала тұрғындары тамашалады. Университет ұжымы оны екі қанат киіз үй тігіп, ұлттық салт-дәстүрімізді ұлықтады. Қала әкімі  Ғ. Сыздықбеков университет құрған киіз үйге арнайы атбасын бұрып, ұжымға мерекелік лебізін білдірді. Қала тұрғындары мен қонақтарына оқу ордасының өнерпаздары концерттік бағдарламасын ұсынды. Ән айтылып, жыр арналып, бишілер мың бұрала биледі.

Ұлттық мерекені тойлауға келген көпшілікті батырлардың сауыт-сайманын асынған бойшаң жігіттер мен ұлттық киім киген арулар қарсы алды. Іс-шарада жігіттер қошқар көтеруден жарысып, кір тасы сайысында бақ сынады. Балалар асық ойнап, жастар алтыбақан маңында бас қосты. Ұлттық мерекеде наурыз көжеден тұрғындар ауыз тиді.

Наурыз тойына жиналғандар ақ тілегін ақтарып, мерекені ерекше қуанышпен өткізді.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.